в актогае -7
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
Мобильная версия

Аудан, кент және ауылдық округ әкімдерінің халық алдында есеп беру жиналысында тұрғындардан түскен өтініш тілектерді орындау мақсатында жасалған іс-шара жоспардың орындалысы

«Бекітемін»

Ақтоғай ауданының әкімі

_________Н.И.Омарханов 

 

 

Аудан, кент және ауылдық округ әкімдерінің халық алдында

есеп беру жиналысында тұрғындардан  түскен өтініш тілектерді орындау мақсатында

жасалған іс-шаралар жоспары

 

 

Р/с

Тапсырмалардың мазмұны

Орындау мерзімі

Жауаптылар

Орындалысы

1

Айыртас ауылдық округі

 

 

 

1

Б.Хоршан- тігін шеберханасын үлкейтуге қаржылай көмек болса. Жан-жақты қарап мүмкіндігіне қарай шешуге.

10.03.2016

А.Сайды

Қ.Бекишева

А.Жуманова

С.Елеубеков

Аудан әкімінің грантын алуға жас ерекшелігі келмейді. Несие алуға кепілге қоятын мүлкі болмауына байланысты несие берілмеді.

2

Абай ауылдық округі

 

 

 

2

Б.Алиахмет- шағын орталық пен интернатқа жаңадан қазандық орнатуға көмек жасалса.

10.06.2016

А.Сайды

Б.Тлеубергенов

Қ.Бакиров

Н.Тойғанбаев

Абай ауылдық округінің жалпы білім беретін мектебінің шағын орталық пен интернатына қазандық орнатылды.

3

Ортадересін ауылдық округі

 

 

 

3

А.Қабдынова-бала санының көбеюіне байланысты мектеп жанындағы «Балдәурен» шағын орталығын толық күнге ауыстыру қажеттілігі туып отыр. Жетіспейтін жабдықтар алынса. Мектептің қазандығы жаңартылса. Мүмкіндігін қарастырып, шешуге.

10.03.2016

А.Сайды

Б.Тлеубергенов

Қ.Бакиров

Б.Саданов

Ортадересін жалпы білім беретін мектебінің «Балдәурен» шағын орталығын толық күнге ауыстыру 2019 жылдың жоспарында тұр. Мектептің қазандығы ауыстырылды.

4

Б.Қабдынов-талып ауратын балам бар, сол балама кешенді түрде тексеріс жүргізіп, емдеу, сауықтыру орындарына емделу үшін көмек болса.  Баланын денсаулығын жан-жақты тексеріп, емделуіне көмек жасауға.

 

11.03.2016

А.Сайды

Ш.Естеков

Б.Қабдыновтың -талып ауратын баласын Балқаш қалалық ауруханасы қарап, облыстық поликликаға жолдама берді.

 

 

 

4

Шашубай кенті

 

 

 

5

Е.Сатыбалдиева- 1989 жылы Қырғызстаннан Қазақстанға бір жола көшіп келдім. Көп уақыт Ақтоғай ауданы Қызыларай а/о тұрдым. Тұрмыстық жағдайым төмен болғандықтан Шашубай кентіне 2-жыл бұрын көшіп келдім. Жағдайым өте төмен. Кент әкімі жағдайымды ескеріп, тұрғын үй мәселесін шешіп берді. Алайда осы уақытқа дейін азаматтық алып, жеке куәлік рәсімдей алмай жүрмін. Көші-қон полициясының қызметкерлері Қырғызстанға баруды талап етіп отыр, менің жол жүруіме қаражатым жоқ. Сол себепті құжаттарымды рәсімдеуге өз тарапыңыздан көмек көрсетулеріңізді сұраймын.

18.03.2016

А.Сайды

Е.Орынбеков

(Келісім бойынша)

Қ.Бекишева

А.Жуманова 

Д.Исбеков

 

Уақытша тұруға ықтияр хатын алуға рұқсат берілген. ҚР азаматы деген уақытша куәлік алып беру жұмыстары жүргізілуде.

6

Л.Филипова – Иханбай және Ж.Ақбергенұлы көшесінің жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймын және Алтын мөлтек ауданындағы кәріз сорғысы станциясын (КНС) бір мекеменің теңгеріміне бекітіп беріп, жөндеу жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймын.

02.06.2016

Қ.Қошантаев

Б.Тлеубергенов

А.Қапашев

Д.Исбеков

Н.Мангишов

 

Иханбай және Ж.Ақбергенұлы көшесінің жолдарына, насосный станцияға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

7

Г.Крикун-Кент бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризамын. Көп жұмыстар атқарылып кент іші жарықтандырылды. Әлі де атқарылатын жұмыстардың бірі Жағалау көшесінің жолы. Жағалау көшесінде көбіне қарт адамдар тұрады, жолы күрделі жөндеуді қажет етеді.  Мүмкіндігіне қарай шешуге.

02.06.2016

Қ.Қошантаев

Б.Тлеубергенов

А.Қапашев

Д.Исбеков

 

 

"Жағалау" көшесіндегі  жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

8

К.Нөкербеков-Кенттегі ауқымды атқарылып жатқан жұмыстар үшін аудан әкіміне және кент әкіміне алғысымды білдіремін. 2015 жылы «Жеңіс» саябағы біраз жөнге келіп қоршауы ауыстырылып, сахна орнатылып, тас төсеніштер төселді. Енді балалар ойын алаңын, спорттық құрылғылар орнатып қалған жұмыстары толық 2016 жылы аяқталса деген өтінішім бар.

 

05.07.2016

Қ.Қошантаев

Б.Тлеубергенов

А.Қапашев

Д.Исбеков

 

 

Шашубай кентіне «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 8 млн. теңгеге жобалау сметалық құжаттары дайындалып, балалар ойын алаңын орнату жұмыстары жүргізілуде.

5

Нүркен ауылдық округі

 

 

 

9

С.Кенжин-Былтырғы жылы көктемде Ақтоғай-Нүркен-Балхаш тас жолын су шайып кеткен болатын. Осы жолды жөндегенде мердігерлер дұрыс жасамаған. Қойған блоктары дұрыс жабылмаған. Келесі көктемде тағы су шайып кету қауіпі бар. Осы мәселені шешуді сұраймын.  Неге Ақтоғай-Нүркен-Балхаш тас жолынын блоктары дұрыс жабылмаған

10.03.2016

Қ.Қошантаев

А.Қапашев

Т.Таукеев

 Ақтоғай-Нүркен-Балхаш тас жолындағы су шайып кеткен блоктарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

10

Л.Ахатов-«Нығмет» ш/қ жетекшісі. Ауылымызды қар басып қалды. Үйдің шатырымен бірдей. Көктемде қар күрт ерісе қауіп. Осы мәселені ескеріп үй маңындағы қарларды сырт жаққа қарай тасуға қандайда бір көмектеріңіз болса.

 

10.03.2016

Қ.Қошантаев

А.Қапашев

Т.Таукеев

Қардан тазалау жұмыстары толығымен жүргізілді.

11

М.Шоқанов-«Мұхтарбек» ш/қ жетекшісі. Ақсеңгір елді мекенінде электр желісінің есептегіші дұрыс емес. Ай сайын әр үй басы 4000 мың теңге артық төлеп отырмыз. «Балхаш энерго» мекемесінің меншігіне берсе. Осы мәселені бір жақты етіп берсеңіздер.

03.03.2016

Қ.Қошантаев

А.Қапашев

Т.Таукеев

Ақсеңгір елді мекенінде электр желісінің есептегіші дұрыс емес. Ай сайын әр үй басы 4000 мың теңге артық төлеп отыр деген сұрақ жан-жақты қаралып, мәселенін мән-жәйі түсіндірілді.

6

Жидебай ауылдық округі

 

 

 

12

А.Күлмағанбетова – Үшарал, Жалаңаш елді мекендеріндегі ауыз су мәселесі бірнеше жылдан бері шешімін таппай келеді. Клуб үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізсе, «Сарыжайлау» ұлт – аспаптар ансамбліне музыкалық аспаптар және ұлттық киімдер берілсе жақсы болар еді. Қ.Нұржанов атындағы жалпы білім беретін орта мектептегі шағын орталықты толық күнді балабақшаға айналдыру керек.

01.07.2016

А.Сайды

Б.Тлеубергенов

М.Төлепбеков

Жалаңаш елді мекеніндегі клуб үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Басқада айтылған сұрақтар бойынша мүмкіндігі қарастырылуда.

 

7

Шабанбай би ауылдық округі

 

 

 

13

Е.Ушбаев- көктем мезгілінде таулардан аққан қар суы менің үйімнен бастап жолындағы бес үйді басып, мектеп ғимаратын басып қалады. Қар аз жылдары қолмен арық қазып, су басылғанша әуреге түсетінбіз. Биыл қар 3 есе түсті. Қолмен аршуға мүмкіндік жоқ. Бөгет жасауға қандай көмектеріңіз болады

20.02.2016

Қ.Қошантаев

Е.Отыншин

(Келісім бойынша)

Қ.Рысбеков

Көктемгі мезгілінде таулардан аққан қар судан 5 үйді, мектеп счм3ғимаратын басып қалмау үшін бөгет жасау жұмыстары, кейбір жерлерді қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп, тиісті көмектер көрсетілді.

8

Қызыларай ауылдық округі

 

 

 

14

С.Шакиров-Ауылда дәрі жоқ, сол себепті дәріхана ашылса. Алдағы уақытта лицензия алып, дәріхана ашу мүмкіндігін қарастырып шешу.

12.05.2016

А.Сайды

Ш.Естеков

Ш.Төлепбекова

Қызыларай ауылдық округіндегі медицина қызметкерлері тұрғындарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде.

9

Қараменде би ауылдық округі

 

 

 

15

С.Айтжанов-Қуаныш елді мекеніне ауыз су жүйесін тартуға көмек болса. Сонымен қоса біздің ауылда КТП-мыз нашар, бұрынғы екі КТП-ның орнына қойылған жалғыз КТП электр энергиясын өз мәнінде бере алмайды. КТП жөндетуге, әйтпесе айырбастауға көмек жасауыңызды сұраймын.

Былтырғы жылы тоғанымыздың суы тартылып қалып, еккен картоп, көкөністеріміз дұрыс өнім бермеді. Тоғанға су шығару үшін Ақтоғай су мекемесінің эксковатор тракторын пайдалануға көмектессеңіз. Елмен келісіп отырмыз. Ауылдағы зираттарды өз қаражатымызбен қоршауға. Соған байланысты бізге арзандау қоршау жасайтын кәсіпорындардың мекен-жәйін біліп берсеңіздер.

 

 

 

20.05.2016

Қ.Қошантаев

А.Қапашев

Қ.Жанысбеков

 

Қуаныш елді мекеніне ауыз су жүйесін тарту , жаңа КТП орнату, Тоғанға су шығару үшін  эксковатор тракторын шешіп беру  мәселелері бойынша мүмкіндігі қарастырылуда.

16

М.Қаңтарбаев-Фермерлер малдарын тым болмаса жаз айларында өз жерлеріне апарып бақса. Ауылдағы электр жүйелері мен КТП –лар тозып жетіп тұр, боран  болса жиі сөніп қалады.

20.05.2016

Қ.Қошантаев

А.Қапашев

Қ.Жанысбеков

 

Еңбек ауылында орналасқан шаруа қожалықтарының жетекшілерімен тиісті жұмыс жүргізіліп мал бағыны ұйымдастырылды. КТП алып беру мүмкіндігі қарастырылуда.

 

 

 

 

Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары                                                      Қ.О.Нөкеш

 

Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары                                                      Қ.Ж.Қошантаев

 

Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары                                                      А.С.Сайды

 

Ақтоғай аудан әкімінің аппарат басшысы                                               Б.Қ.Әмірғасым 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района