в актогае 5
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
Мобильная версия

2017 жылы аудан, кент және ауылдық округ әкімдерінің халық алдында есеп беру жиналысында тұрғындардан түскен өтініш тілектерді орындау мақсатында жасалған іс-шаралар жоспарының орындалысы

Ұсыныстардың, ескертулердіңмазмұны (авторы, мекенжайы)

Ескертулерді,ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру іс-шаралар

Орындау мерзімі

Орындауға жауапты

Орындалысы

Айыртас ауылдық округі

1

Қ.Шайкенов, Айыртас ауылдық окуругі.
«Көпелбай» қыстағынан бастап Айыртас ауылына дейінгі жол сын көтермейді. Көктем мезгілінде және жауын шашын болған кезде езіліп, көлік қатынасы қиындайды. Осы жол жөнделсе.

Мүмкіндігін қарастырып, шешу.

28.08.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Ауыл әкімі
Қ.Бакиров

      Нарманбет – Айыртасбағытындағы жолдың көктемгі су тасқыны кезінде бұзылған бөліктерін толығымен қайта қалпына келтіру негізінде 75 млн.теңге болатын бюджеттік өтінім тапсырылды. Аталмыш жолдың төрт бөлігіне 1,5 метрлік 12 су өткізгіш құбыр қойылу жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері негізінде жеңімпаз «Балқаш Жібек Жолы» ЖШС-і. Бүгінгі күнде аталмыш бағыттағы жолдың 61-62 км.дегі жолға 1,5 метрлік 3 құбыр, «Көпелбай» қыстағының маңына 1,5 метрлік 3 суөткізгіш құбыр және Қусақ елді мекенінің кіре беріс жолының 7 шақырымына  1,5 метрлік 3 суөткізгіш құбырлары қойылып, жұмыстар толығымен аяқталған. Осы жылы осы бағыттағы жолдың қалған бір бөлігіне тағы 3 суөткізгіш құбырлар қойылатын болады.

 

Қусақ ауылдық округі

2

Р.Шаймағамбетов, Қусақ ауылдық округі.
Ауылдағы басты мәселенің бірі телефон байланысы. Шаруа қожалықтарының бірнешеуінде телефон байланысы жоқ. Осы айтылған мәселе 2 жылдан бері шешімін таппай отыр. Телефон байланыс жүйесін бақылауыңызға алып, мәселені шешуді сұраймын.

Жеке АТС қою мүмкіндігін қарастыру.

14.07.2017

 

 

 

 

 

Аудан әкімінің орынбасары 
Қ.Қошантаев
Желілік техникалық учаскесінің басшысы
Б.Ақпанбаев
Ауыл әкімі 
Д.Мұқатай

        Жаз айының соңында тұрғындар есебінен жиналған қаражатқа  қазан айының басында байланыс мұнарасы орнатылып, тоғы тартылған. Қараша айының басында мұнараның қосымша құралдары (контейнер мен заборы) жеткізіліп, орнатылды. Ауылға Belline қосымша Tele2 байланыстарын орнату 2018 жылдың қаңтар айында толығымен аяқталады.

3

Р.Шаймағамбетов, Қусақ ауылдық округі.

Ауылға ұялы байланыс жүйесі қосылса.

Ұялы байланыс компанияларының басшыларымен сөйлесіп, шешу.

12.09.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет

        Жаз айының соңында тұрғындар есебінен жиналған қаражатқа қазан айының басында байланыс мұнарасы орнатылып, тоғы тартылған. Қараша айының басында мұнараның қосымша құралдары (контейнер мен заборы) жеткізіліп, орнатылды. Ауылға Belline қосымша Tele2 байланыстарын орнату 2018 жылдың қаңтар айында толығымен аяқталады.

4

Р.Шаймағамбетов, Қусақ ауылдық округі.
Нарманбет-Қошқар көтерме жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасын тапса. (Дүйсеке би – Бидайық қыстағының аралығы).

Нарманбет-Қошқар көтерме жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастыру.

22.06.2017

 

 

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Ауыл әкімі
Д.Мұқатай

       Көктемгі су тасқыны салдарынан бұзылған жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, уақытша жол берілді. Осы бағыттағы жолды ағымдағы жөндеуден өткізуге 2018 жылғы жоспарға енгізілген. Сонымен қатар 2017 жылы 75 млн теңге қаралып, Нарманбет-Айыртас ауылдары  бағытындағы жолдарына су ағарлар салынды.

Абай ауылдық округі

5

С.Таутанов, Абай ауылдық округі
Жолды тегістеп,қардан тазарту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінсе.

Жолды тегістеп, қардан тазарту жұмыстарын жүргізу.

.

05.04.2017

 

 

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Ауыл әкімі
Н.Тойғанбаев

        Жолдарды қысқы мезгілде күтіп ұстау бойынша 2017 жылдың желтоқсан айының соңына дейін Нарманбет-Айыртас, Қошқар, Абай бағыттары бойынша ЖК «Лекенов Еркеш» ұтып алған. Аталмыш бағыттағы жолды жаз мезгілінде жол жиегіндегі шөптерді қырқу жұмыстары толығымен жүргізілген. Және Нарманбет ауылымен көпір аралығындағы жолды тегістелді.
        2018  жылдың екі айына пролангация бойынша аталмыш жолды күтіп ұстауға  мердігер ЖК «Лекенов Еркеш» -пен келісім-шарт жасалды. 
      Бүгінгі күнге дейін аталмыш бағыттағы жол қыс мезгілінде күреусіз қалған емес. Және ауа-райының қолайсыз кезінде көліктер жолда қалмаған.

6

С.Таутанов, Абай ауылдық округі.
Интернат балаларын тасымалдау үшін мектепке автомашина алынып берілсе.

Интернат балаларын тасымалдауға байланысты мектепке автомашина алып беру, мүмкіндігін қарастыру.

27.06.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Б.Тлеубергенов
Білім бөлімінің басшысы
С.Жүнісов
Ауыл әкімі
Н.Тойғанбаев

      Абай ауылдық округіндегі Абай негізгі орта мектебінен интернатта жатып білім алушыларды тасымалдау үшін автомашина алуға бюджеттік өтінім берілді. Қаржы қарастырылған жағдайда шешілетін болады.

7

Б.Қадырберлин, Абай ауылдық округі.
Кредит алайық десек, қазіргі тұрып жатқан тұрғын үйіміздің жер актісі жоқ, кепілге қоюға мүлік сұрайды. Осыған бір көмек болса.

 

Тұрғын үй құжаттарын толығымен рәсімдеу жұмыстарын ұйымдастыру.

10.04.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
Ауыл әкімі
Н.Тойғанбаев

       Тұрғын үйлерді заңдастыру, мемлекеттік актсын алуға байланысты бүгінгі күні 37 үйдің   22-не мемлекеттік акт алынып берілді. Қалған  үйлерге мемлекеттік акт алып беру жұмыстары жүргізілуде.

8

Б.Қадырберлин, Абай ауылдық округі.
Мектебімізде спорт зал жоқ, балаларға қыс уақытында қиындық тудырады.

Сметалық жобалау құжаттарын дайындап, ұсыну.

10.04.2017

Білім бөлімінің басшысы
С.Жүнісов

      Абай мектебі жанынан спорт зал салуға жобалау- сметалық құжаттары дайындалды. Демеушілер арқылы шешуге жұмыстар жүргізілуде.

9

С.Бегетаев, Абай ауылдық округі.
Ауыз су башнясының жарылғанына біраз уақыт болды. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал жасауыңызды сұраймын.

Ауыз су башнясының жарылған жеріне  жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру

14.02.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Ауыл әкімі
Н.Тойғанбаев

       Су мұнарасын жөндеуге аудандық бюджеттен қаржы қаралып, конкурстар ұйымдастырылды.  Жөндеу жұмыстары 2018 жылдың І тоқсанында аяқталатын болады.

Қарабұлақ ауылдық округі

10

Е.Құсайынов, Қарабұлақ ауылдық округі.
 Ауылымызға ұялы байланыс орнатылса.

Ұялы байланыс компанияларының басшыларымен сөйлесіп, шешу.

12.09.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет

     Ұялы байланыс компанияларының басшыларына аудан әкімі тарапынан хат жолданып, «КарТел» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, жұмыстар жүргізілуде. 2018 жылдың қаңтар айында  жұмыстар  толығымен аяқталатын болады.

 

Ортадересін ауылдық округі

11

А.Қабдынова, Ортадересін ауылдық округі.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталықты толық күнге ауыстырып, ашсақ дейміз, оған қажетті құжаттар дайын.

Мүмкіндігін қарастырып, шешу.

10.05.2017

Аудан әкімінің орынбасары
А.Аманжолов
Білім бөлімінің басшысы
С.Жүнісов
Ауыл әкімі
Д.Тлеухорұлы

       Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталықты, толық күнге ауыстыру жұмыстары 2019 жылдың жоспарында тұр.

12

А.Қабдынова, Ортадересін ауылдық округі.
Ұялы байланыс жүйесі болса.

 

Ұялы байланыс компанияларының басшыларымен сөйлесіп, шешу.

12.09.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет

        Ұялы байланыс орнату үшін жергілікті тұрғындар саны 500-ден асу қажет. Қазіргі күні байланыс операторларымен жұмыстар жүргізілуде.

13

А.Қабдынова, Ортадересін ауылдық округі.
Мектеп қоршауы жаңартылса.

Сметалық жобалау құжаттарын дайындап, ұсыну

10.04.2017

Аудан әкімінің орынбасары
А.Аманжолов
Білім бөлімінің басшысы
С.Жүнісов

      Ортадересін ауылдық округіндегі  жалпы білім беру орта мектебінің қоршауын жаңарту 2018 жылғы облыстық бюджет есебінен жөндеу жұмыстарына енгізілді. 

14

Н.Амирханова, Ортадересін ауылдық округі.
Ауданның коммуналдық балансында тұрған Балқаш-Ортадересін маршруты бойынша 32 шақырымдық жолдың сапасы өте нашар, ойылып кеткен. Осы жолды ағымдағы жөндеуден өткізуге ықпал етсеңіз.

 

Мүмкіндігін қарастырып, шешу

 

22.08.2017

 

 

 

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Б.Тлеубергенов
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет

        Балхаш- Ортадересін аралығындағы 32 шақырымдық жолды қалпына келтіру үшін осы жолды пайдаланатын үлкен кәсіпорындар мен 4 жақты келісім шарт жасалынды. 2017 жылы 10 млн теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жолдың қалған бөлігіне 2018 жылы жергілікті бюджет арқылы 15 млн. теңге қаржы қаралды.

 

.

15

Н.Амирханова, Ортадересін ауылдық округі.
Клубта музыкалық аппаратура жоқ. Аппаратура алып беруге көмек жасалса.

Мүмкіндігін қарастырып, шешу.

02.05.2017

Аудан әкімінің орынбасары
А.Аманжолов
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
   Р.Түсіпбеков

      Шілде айында 800 мың теңгеге музыкалық аппаратура қондырғылары алынып берілді.

16

Г.Карипбаева, Ортадересін ауылдық округі.
Мектепте математика пәні бойынша білім сапасы өте төмен деңгейде.Бізге математика пәнінен тағы бір маман болса.

 «Диплом мен ауылға» бағдарламасы аясында жұмыс ұйымдастыру.Қажетті маман иелерін ауылға тарту.

 

17.08.2017

Аудан әкімінің орынбасары
А.Аманжолов
Білім бөлімінің басшысы
С.Жүнісов
Ауыл әкімі
Д.Тлеухорұлы

       Қыркүйек айында қажетті маманмен қамтамасыз етілді.

 

Шашубай кенті

17

О.Коваленко, Шашубай кенті.
Мен «Самал жел» би тобының жетекшісімін. Біз осы би тобын құрғанда 5 баладан бастағанбыз қазір 47 балаға дейін жетіп отыр. Сондықтан қазіргі би тобына мерекелік саяси-мәдени шараларға қатысу үшін арнайы ұлттық киімдер болса.

Мүмкіндігін қарастырып, шешуге.

04.09.2017

Аудан әкімінің орынбасары
А.Аманжолов
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Р.Түсіпбеков

       «Самал жел» би тобына ұлттық киімдер алу 2018 жылға жоспарланып отыр.

 

 

 

 

 

18

А.Түкбай, Шашубай кенті.
Негізгі мәселе Ж.Ақбергенұлы көшесіндегі 100 пәтерлі №9 үйдің каркасына құрылыс жұмыстары биылғы жылы басталса.

Жобалау сметалық құжаттарын  дайындап, ұсыну.

25.05.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Білім бөлімінің басшысы
С.Жүнісов

       Ж.Ақбергенұлы көшесіндегі №9 үйдің жөндеу жұмыстарының сметалық жобалау құжаттарының уақыты өтуіне байланысты күші жойылған. 2018 жылы 8 млн 742 мың теңгеге қаржы қарастырылып, ЖСҚ қайта жасалатын болады.

 

19

А.Түкбай, Шашубай кенті.
Кенттегі бала санының өсуіне байланысты мектеп қасынан қосымша балабақша салынса.

Жобалау сметалық құжаттарын  дайындап, ұсыну.

25.05.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Кент әкімі
Д.Исбеков

       ТҮКШЖК,АЖ бөлімі, Шашубай кент әкімдігімен екі жақты келісе отырып, 2018 жылдың І тоқсанында комиссия құру жоспарланды. Комиссия кенттегі бала санын анықтап, тізімін жасап, тексеріс жүргізілгеннен кейін ғана толық жауабы беріледі.

20

А.Түкбай, Шашубай кенті.
Кентке мал қорымын салу қарастырылса.

Жобалау сметалық құжаттарын  дайындап, ұсыну.

25.05.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Нөкеш
Ветеринария бөлімінің басшысы
Қ.Бейсенбаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Кент әкімі
Д.Исбеков

        Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша кентке мал қорымын салуға ЖСҚ жасату 2020 жылға, құрылыс жұмыстары 2021 жылға жоспарлануда.

21

А.Түкбай, Шашубай кенті.
Кенттегі ішкі жолдар асфальттанса

Жобалау сметалық құжаттарын  дайындап, ұсыну.

25.05.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Кент әкімі
Д.Исбеков

      Кентішілік жолдар бойынша Иханбаев және Ақбергенов көшелерінің орташа жөндеуіне 19,883 мың теңгеге смета жасалып, облыстық «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» басқармасына 2018 жылға қаржы бөлінді.

 

22

Н.Нурмухамбетов, Шашубай кенті. 
Ж.Ақбергенұлы көшесіндегі  №9 үйдің каркасына құрылыс жұмыстары жүргізілсе жеке қазандық салынса. Сол қазандық арқылы орталықтандырылған жылу жүйесі 2 қабатты тұрғын үйлерге тартылып берілсе.

Жан-жақты мүмкіндігін қарастырып, ұсыныс беру.

23.08.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Кент әкімі
Д.Исбеков

 

       Ж.Ақбергенұлы көшесіндегі №9 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және үйді жылытатын қазандықтың құрылыс жұмыстарына жобалау- сметалық құжаттарына қаражат бөлінгеннен кейін әзірленеді.

23

Төлеген Қажы, Шашубай кенті.
Кенттегі почта жұмысы өте нашар. Себебі біз зейнеткерлер, зейнетақымызды алуға барғанда ақша келсе, тізім жоқ. Ал тізім келсе, ақша жоқ деп босқа тұрып қайтамыз. Осы мәселе бір жолға қойылса.

 

 

 Неліктен зейнетақы берілетін уақытта кедергілер болатындығын анықтап, жауабын беру.

14.02.2017

Аудан әкімінің орынбасары
А.Аманжолов
Атыраптық почта байланыс бөлімшесінің басшысы
Н.Сейілханов
Кент әкімі
Д.Исбеков

        Шашубай кентінің тұрғыны Төлеген Қажының өтініші бойынша почта жұмысы ретке келтірілді. Қазіргі күні тұрғындарға талапқа сай қызмет көрсетілуде.

 

24

Л.Крылова, Шашубай кенті.
Мен Алтын мөлтек ауданының 
тұрғынымын біздің көшеге жарық шамдар қойылған ал тек қана «Ихамбаев» көшесіне дейінгі аралық түнгі мезгілде  өте қараңғы. Сондықтан бағаналар қойылып, жарық шамдар орнатылса, нұр үстіне нұр болар еді.

Мүмкіндігін қарастырып, шешу.

24.08.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Кент әкімі
Д.Исбеков

       «Алтын» мөлтек ауданындағы Ихамбаев көшесі аралығындағы ашық алаңға жарық шамдарын орнату мәселесі бойынша көшелерді жарықтандыруға 700 мың теңге қаражат қаралып конкурстық рәсімдері ұйымдастырылды. Мердігер «ПолиМетек» ЖШС-і. Бүгінгі күнде орнатылу жұмыстары толығымен аяқталып, жарық шамдары іске қосылған.

Тораңғалық ауылдық округі

25.

Б.Әби, Тораңғалық ауылдық округі. 
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында биылғы жылы ауылымызға ауыз су үйді-үйге тартылат деп жатырсыздар, осы бағытта су тұщыту қондырғысымен көлден емес Балқаш қаласынан тартылса, себебі бұрынғы Балқаш қаласынан тартылған ауыз су трассасы дайын тұр. Қазып әуре болмайсыздар.

Жан-жақты мүмкіндігін қарастырып, ұсыныс беру.

 

10.08.2017

 

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Ауыл әкімі
Қ.Адамбаев

        Тораңғалық ауылдық округіне ауыз су жүйесі тартылып, пайдалануға берілді. Өтініш иесіне су тұщыту қондырғысы бойынша бұл арнайы дайындалған жоба өзгертуге жатпайтыны түсіндірілді.

 

26

Б.Әби, Тораңғалық ауылдық округі.
Клуб үйінің бос тұрған бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе.

Сметалық жобалау құжаттарын дайындап, ұсыну

 

10.04.2017

 

Аудан әкімінің орынбасары
А.Аманжолов
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Р.Түсіпбеков

 

        Клуб үйінің бос тұрған бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 9 988 021  теңге көлемінде сметалық құжаттар дайындалып, «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама» басқармасына ұсынылды.

 

27

Б.Әби, Тораңғалық ауылдық округі.
Мектеп қоршауы жаңартылса, балалар ойын алаңы салынса.

Мүмкіндігін қарастырып, шешу.

10.08.2017

Аудан әкімінің орынбасары
А.Аманжолов
Білім бөлімінің басшысы
С.Жүнісов
Ауыл әкімі
Қ.Адамбаев

       Тораңғалық негізгі орта мектебінің қоршауын жасау үшін жобалау-сметалық құжаттары дайындалған, 2018 жылы жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылған жағдай да қоршауы жаңартылатын болады.

28

Қ.Булендинова, Тораңғалық ауылдық округі.
Жол мәселесі бойынша трасса аралық 7,5 шақырымдық жолға жөндеу жұмыстары жүргізілсе.

Мүмкіндігін қарастырып, шешуге

29.08.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Ауыл әкімі
Қ.Адамбаев

        Тораңғалық ауылдық округінің трассааралық жолы Облыстық «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» басқармасына жолдарды жөндеуден өткізу бойынша 2019 жылдың тізіміне енгізілді.

Тасарал ауылдық округі

29

Е.Аймағанбетов, Тасарал ауылдық округі.
Ауылдан жас бүлдіршіндерге арналған шағын орталық ашылса.

Шағын орталық ашу үшін бос тұрған ғимарат тауып. Сметалық жобалау құжаттарын дайындап, ұсыну.

01.08.2017

Білім бөлімінің басшысы
С.Жүнісов
Ауыл әкімі
Н.Сеитов

        Сатып алынатын ғимарат жеке меншік үй болғандықтан, меншік иесі тарапынан тұрғын үйді мемлекеттік меншікке ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

30

Е.Аймағанбетов, Тасарал ауылдық округі.
Жазғы мезгілде бау-бақшаға тағы басқада қажеттілікке байланысты ауыз суды өте көп пайдаланамыз. Сондықтан жазғы мезгілге арналған ауыз су жүйесін жаңадан тарту қарастырылса.

 

 

Мүмкіндігін қарастыру

20.06.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Ауыл әкімі 
Н.Сеитов

       Тасарал елді мекеніндегі ауыз су жүйесін тарту құрылыс жұмыстары жасалып, 2017 жылдың желтоқсан айының соңында аяқталды.

31

Е.Аймағанбетов, Тасарал ауылдық округі.
Ауылдағы КТП ескіріп тұр. Сондықтан біздің ауылдағы КТП-ны ауыстыруға көмек жасалса.

Мүмкіндігіне қарай шешуге.

04.09.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Ауыл әкімі
Н.Сеитов

 

   2018 жылы КТП қою қарастырылатын болады.

 

 

Сарышаған кенті

32

С.Медиев, Сарышаған кенті.
Кентке жаңадан балабақша салынса.

ГЧП арқылы шешу мүмкіндігін қарастыру.

 

05.09.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
Білім бөлімінің басшысы
С.Жүнісов
Кент әкімі
Р.Наурызбаев

        2017-2018 жылы жаңа мектеп салу жоспарланған. Жаңа мектеп құрылысы басталды. Мемлекеттік жеке меншік әріптестік арқылы 2018 жылы мектеп ғимаратынан балабақша ашу  жоспарға енгізілді.

33

С.Медиев, Сарышаған кенті.
Жастарға заман талабына сай футбол ойнайтын стадион салынып, берілсе.

Сметалық жобалау құжаттарын дайындап, ұсыну.

28.04.2017

Аудан әкімінің орынбасары
А.Аманжолов
Спорт бөлімінің басшысы
А.Кішкентаев
Кент әкімі
Р.Наурызбаев

       Стадион салуға байланысты Сарышаған кент  әкімдігі тарапынан ЖСҚ дайындалып ұсынылды. 2018 жылғы бюджеттен қарастырылады.

34

Б.Белитруков, Сарышаған кенті.
Кент ішіндегі жолдар асфальттанса.
.

Сметалық жобалау құжаттарын дайындап, ұсыну.

17.05.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Кент әкімі
Р.Наурызбаев

       Сарышаған кентінің Теміржол көшесінің орташа жөндеуіне 45 000 мың теңгеге смета жасалып, облыстық «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» басқармасынан 2018 жылға қаржы бөлінді.

 

 

Сарытерек ауылдық округі

35

Т.Тұяқбаев, Сарытерек ауылдық округі.
Ұялы байланыс жүйесі орнатылса.

Ұялы байланыс копанияларының басшыларымен сөйлесіп, шешу.

12.09.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет

       Ауыл тұрғындары жаз айының соңында комиссия құрып байланыс мұнарасын орнатуға керекті қаржыны өз есептерінен жинап инвестор ретінде бекітілген «Нагиметова Светлана» ЖК-не өткізіп, 1 700,0 теңге қаржы жиналған. Бүгінде байланыс мұнарасы орнатылып, аталмыш мұнараға қазан айының соңында тоқ тартылған. Ауылға 2018 жылдың І жартыжылдығында  Belline, Tele2 байланыстарын орнату жұмыстары жүргізіледі.

Кежек ауылдық округі

36

Д.Ізбасаров, Кежек ауылдық округі.
Ауыз су мәселесі шешілсе.

Сметалық жобалау құжаттарын дайындап, ұсыну.

17.04.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Ауыл әкімі
М.Мәкенбаев

      Ағымдағы жылға ЖСҚ жасауға 3 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жидебай ауылдық округі

37

Е.Отыншин, Жидебай ауылдық округі.
Жидебай,Үшарал елді мекендерінің клуб үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе және музыкалық аппаратура алынып берілсе.

 Сметалық жобалау құжаттарын дайындап, ұсыну

03.05.2017

Аудан әкімінің орынбасары
А.Аманжолов
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Р.Түсіпбеков
Ауыл әкімі
М.Төлепбеков

        Сәуле, Үшарал клуб үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізудің сметалық құжаттары әзірленді. Үшарал елді мекенінің клубына шілде айында 800 мың теңгеге  музыкалық аппаратура қондырғылары алынып берілді.

 

 

Нүркен ауылдық округі

38

С.Кенжин, Нүркен ауылдық округі.
«Қаратал» елді мекеніне тартылған 17 электр энергия бағаналары құлау алдында, сол мәселені шешу жолы қарастырылса.

Мүмкіндігін қарастырып, шешу.

25.08.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
«Энергия» ЖШС басшысы
Қ.Әбілғазин
Ауыл әкімі
Ж.Құдайбергенов

       Бүгінгі күнде электр энергия желілері иесіз деп танылып әділет басқармасында иесіз мүлік ретінде есебіне қойылды. 2017 жылдың қазан айында бағаналарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалып, аяқталған.

39

А.Қанатбеков, Нүркен ауылдық округі.
Нүркен-Балқаш тас жолы, көп бейіт  бойындағы жолды жылда су шайып кетеді. Осы мәселені шешу жолы қарастырылса.

 Нүркен-Балқаш тас жолы облыстық маңыздағы жол болғандықтан, облыстық ТҮКШ, ЖК, АЖ басқармасы арқылы шешу жолын қарастыру.

05.06.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Ауыл әкімі
Ж.Құдайбергенов

 

 

 

       Көктемгі су тасқыны салдарынан бұзылған жол бөлігін аталмыш жолды күтіп ұстау бойынша мердігер «Берер» ЖШС –і қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар осы жол бөлігіне қосымша су өткізу құбырларын орнату облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы қарастырылып, жұмыс 2018 жылдың жоспарына енгізілді.

 

Қызыларай ауылдық округі

40

Н.Мәжманов, Қызыларай ауылдық округі.
Шабанбай би ауылына аптасына 2 мәрте Қарағанды бағытына жолаушылар автобусы тікелей қатынасып тұрады. Осы жолаушылар автобусы маршруты, уақытын келісіліп, осы ретімен біздің де ауылымызға дейін қатынасып тұрса.

Облыстық ТҮКШ, ЖК, АЖ басқармасы арқылы шешу жолын қарастыру.

18.04.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Ауыл әкімі
Ш.Төлепбекова

       Қарағанды- Ақтоғай бағытындағы автобустың Қызыларай ауылына қатынасып тұру мүмкіндігін қарастыру  бойынша Қарағанды облысы ЖК ж АЖ басқармасына және аталмыш бағытта жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ететін «Манас» ЖШС-і басшылығына хат жолданып, жолдың нашарлығынан шығын көбеюі, жүргізушінің тынығу кестесіне сай келмейтіндігі туралы жауап берілді. 2018 жылы Ақтоғай-Шылым-Ақжарық бағытындағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жасалған жағдайда, мәселе қайта қаралатын болады.

41

Н.Мәжманов, Қызыларай ауылдық округі.
Ұялы байланыс желісі орнатылса.

 

 

 

 

 

Ұялы байланыс копанияларымен сөйлесіп, шешу.

12.09.2017

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Ауыл әкімі
Ш.Төлепбекова

Ұялы байланыс компанияларының басшыларына аудан әкімі тарапынан хат жолданып, ТОО «КарТел» мен келісім шартқа отырып,ұялы байланыс мұнарасын және кабельі тамыз айында демеушілер есебінен орнатып берген. 
         Мұнараның қосымша құралдары (контейнер мен заборы) жеткізіліп, ауылға «Beeline» байланыс желісі 23 желтоқсан күні іске қосылды. Бүгінде ауылда ұялы байланыс қалыпты жұмыс жасауда.

 

Қараменде би ауылдық округі

42

С.Айтжанов, Қараменде би ауылдық округі.
Қуаныш ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауыз су жүйесі тартылса.

Жобалау сметалық құжаттарын дайындап, ұсыну.

17.05.2017

 

 

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет
Ауыл әкімі
Қ.Жанысбеков

       2019 жылы ауыс су құрылысын салуға ЖСҚ жасауға қаржы бөлінеді.

43

С.Айтжанов, Қараменде би ауылдық округі.
С.Ибраев мектебінің жанындағы шағын орталық ғимаратының екінші жағын жөндеуден өткізу керек төбесі құлағалы тұр.

Мүмкіндігін қарастырып, шешу

12.06.2017

Аудан әкімінің орынбасары
А.Аманжолов
Білім бөлімінің басшысы
С.Жүнісов
Ауыл әкімі
Қ.Жанысбеков

       С.Ибраев атындағы негізгі орта мектеп жанында орналасқан ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сметалық құжаттарын жасатуға сұраныс берілді. Жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін шағын орталық толық күнге айналады.

 

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы

44

Ж.Қызылбаев,  Ақтоғай ауылы.
Қарағандыдан кіре берісте тратуар бар, Балхаштан кіре берісте тратуар бар. Ал аудандық ауруханадан, аграрлық-техникалық колледждің аралығындағы жолда қыс мезгілінде жаяу жүргіншілерге жүру  өте қиын. 
Себебі жаяу жүргіншілерге арналған арнайы тратуар жоқ.

 Жаяу жүргіншілерге арналған тратуар жасау мүмкіндігін қарастырып, шешу.

 

25.08.2017

Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Қошантаев
ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімінің басшысы
Ә.Нұрахмет

       2017 жылы Ибраев көшесінің жолы орташа жөндеуден өткізілген. Аталмыш жолда жаяу жүргіншілерге арналған тратуар салын

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района