в актогае 28
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Аудан, кент және ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жиналысында тұрғындардан түскен өтініш тілектерді орындау мақсатында жасалған іс-шаралар жоспары

Аудан, кент және ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы

жасалған іс-шаралар жоспары

 

Р/с

Тапсырмалардың мазмұны

Орындау мерзімі

Жауаптылар

Орындалысы

1

Айыртас ауылдық округі

 

 

 

1

Б.Хоршан- тігін шеберханасын үлкейтуге қаржылай көмек болса. Жан-жақты қарап мүмкіндігіне қарай шешуге.

10.03.2016

А.Сайды

Қ.Бекишева

А.Жуманова

С.Елеубеков

 Бақылауда!.

2

Абай ауылдық округі

 

 

 

2

Б.Алиахмет- шағын орталық пен интернатқа жаңадан қазандық орнатуға көмек жасалса.

10.06.2016

А.Сайды

Б.Тлеубергенов

Қ.Бакиров

Н.Тойғанбаев

 

Бақылауда ұстауға!.

3

Ортадересін ауылдық округі

 

 

 

3

А.Қабдынова-бала санының көбеюіне байланысты мектеп жанындағы «Балдәурен» шағын орталығын толық күнге ауыстыру қажеттілігі туып отыр. Жетіспейтін жабдықтар алынса. Мектептің қазандығы жаңартылса. Мүмкіндігін қарастырып, шешуге.

10.03.2016

А.Сайды

Б.Тлеубергенов

Қ.Бакиров

Б.Саданов

Бақылау!.

4

Б.Қабдынов-талып ауратын балам бар, сол балама кешенді түрде тексеріс жүргізіп, емдеу, сауықтыру орындарына емделу үшін көмек болса.  Баланын денсаулығын жан-жақты тексеріп, емделуіне көмек жасауға.

 

11.03.2016

А.Сайды

Ш.Естеков

Ерекше бақылауда ұстауға!.

4

Шашубай кенті

 

 

 

5

Е.Сатыбалдиева- 1989 жылы Қырғызстаннан Қазақстанға бір жола көшіп келдім. Көп уақыт Ақтоғай ауданы Қызыларай а/о тұрдым. Тұрмыстық жағдайым төмен болғандықтан Шашубай кентіне 2-жыл бұрын көшіп келдім. Жағдайым өте төмен. Кент әкімі жағдайымды ескеріп, тұрғын үй мәселесін шешіп берді. Алайда осы уақытқа дейін азаматтық алып, жеке куәлік рәсімдей алмай жүрмін. Көші-қон полициясының қызметкерлері Қырғызстанға баруды талап етіп отыр, менің жол жүруіме қаражатым жоқ. Сол себепті құжаттарымды рәсімдеуге өз тарапыңыздан көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Заңға сәйкес жан-жақты мүмкіндігін қарастырып шешуге.

18.03.2016

А.Сайды

Е.Орынбеков

(Келісім бойынша)

Қ.Бекишева

А.Жуманова

Д.Исбеков

 

Ерекше бақылауда ұстауға!.

6

Л.Филипова – Иханбай және Ж.Ақбергенұлы көшесінің жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймын және Алтын мөлтек ауданындағы кәріз сорғысы станциясын (КНС) бір мекеменің теңгеріміне бекітіп беріп, жөндеу жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймын. Мүмкіндігін қарап шешу.

02.06.2016

Қ.Қошантаев

Б.Тлеубергенов

А.Қапашев

Д.Исбеков

Н.Мангишов

 

Бақылауда ұстауға!.

7

Г.Крикун-Кент бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризамын. Көп жұмыстар атқарылып кент іші жарықтандырылды. Әлі де атқарылатын жұмыстардың бірі Жағалау көшесінің жолы. Жағалау көшесінде көбіне қарт адамдар тұрады, жолы күрделі жөндеуді қажет етеді.  Мүмкіндігіне қарай шешуге.

02.06.2016

Қ.Қошантаев

Б.Тлеубергенов

А.Қапашев

Д.Исбеков

 

 

Бақылауда ұстауға!.

8

К.Нөкербеков-Кенттегі ауқымды атқарылып жатқан жұмыстар үшін аудан әкіміне және кент әкіміне алғысымды білдіремін. 2015 жылы «Жеңіс» саябағы біраз жөнге келіп қоршауы ауыстырылып, сахна орнатылып, тас төсеніштер төселді. Енді балалар ойын алаңын, спорттық құрылғылар орнатып қалған жұмыстарытолық 2016 жылы аяқталса деген өтінішім бар. Мүмкіндігін қарастыра отырып шешуге. 2016 толық жұмыстарды аяқтауға.

 

 

05.07.2016

Қ.Қошантаев

Б.Тлеубергенов

А.Қапашев

Д.Исбеков

 

 

Ерекше бақылауда ұстауға!.

5

Нүркен ауылдық округі

 

 

 

9

С.Кенжин-Былтырғы жылы көктемде Ақтоғай-Нүркен-Балхаш тас жолын су шайып кеткен болатын. Осы жолды жөндегенде мердігерлер дұрыс жасамаған. Қойған блоктары дұрыс жабылмаған. Келесі көктемде тағы су шайып кету қауіпі бар. Осы мәселені шешуді сұраймын.  Неге Ақтоғай-Нүркен-Балхаш тас жолынын блоктары дұрыс жабылмаған?. Анықтап нақты жауабын беру. Алдын алу шараларын

10.03.2016

Қ.Қошантаев

А.Қапашев

Т.Таукеев

Бақылауда ұстауға!.

10

Л.Ахатов-«Нығмет» ш/қ жетекшісі. Ауылымызды қар басып қалды. Үйдің шатырымен бірдей. Көктемде қар күрт ерісе қауіп. Осы мәселені ескеріп үй маңындағы қарларды сырт жаққа қарай тасуға қандайда бір көмектеріңіз болса.

Алдын алу шараларын ұйымдастыру.

10.03.2016

Қ.Қошантаев

А.Қапашев

Т.Таукеев

Бақылауда ұстауға!

11

М.Шоқанов-«Мұхтарбек» ш/қ жетекшісі. Ақсеңгір елді мекенінде электр желісінің есептегіші дұрыс емес. Ай сайын әр үй басы 4000 мың теңге артық төлеп отырмыз. «Балхаш энерго» мекемесінің меншігіне берсе. Осы мәселені бір жақты етіп берсеңіздер. Жан-жақты қарап нақты жауабын беру.

03.03.2016

Қ.Қошантаев

А.Қапашев

Т.Таукеев

Бақылауда ұстауға!

6

Жидебай ауылдық округі

 

 

 

12

А.Күлмағанбетова – Үшарал, Жалаңаш елді мекендеріндегі ауыз су мәселесі бірнеше жылдан бері шешімін таппай келеді. Клуб үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізсе, «Сарыжайлау» ұлт – аспаптар ансамбліне музыкалық аспаптар және ұлттық киімдер берілсе жақсы болар еді. Қ.Нұржанов атындағы жалпы білім беретін орта мектептегі шағын орталықты толық күнді балабақшаға айналдыру керек. Жан – жақты қарап, шешуге.

 

 

 

 

 

 

01.07.2016

А.Сайды

Б.Тлеубергенов

М.Төлепбеков

Бақылауда ұстауға!

7

Шабанбай би ауылдық округі

 

 

 

13

Е.Ушбаев- көктем мезгілінде таулардан аққан қар суы менің үйімнен бастап жолындағы бес үйді басып, мектеп ғимаратын басып қалады. Қар аз жылдары қолмен арық қазып, су басылғанша әуреге түсетінбіз. Биыл қар 3 есе түсті. Қолмен аршуға мүмкіндік жоқ. Бөгет жасауға қандай көмектеріңіз болады. Алдын алу шараларын ұйымдастыру, көмектесу.

20.02.2016

Қ.Қошантаев

Е.Отыншин

(Келісім бойынша)

Қ.Рысбеков

Бақылауда ұстауға!

8

Қызыларай ауылдық округі

 

 

 

14

С.Шакиров-Ауылда дәрі жоқ, сол себепті дәріхана ашылса. Алдағы уақытта лицензия алып, дәріхана ашу мүмкіндігін қарастырып шешу.

12.05.2016

А.Сайды

Ш.Естеков

Ш.Төлепбекова

Бақылауда ұстауға!

9

Қараменде би ауылдық округі

 

 

 

15

С.Айтжанов-Қуаныш елді мекеніне ауыз су жүйесін тартуға көмек болса. Сонымен қоса біздің ауылда КТП-мыз нашар, бұрынғы екі КТП-ның орнына қойылған жалғыз КТП электр энергиясын өз мәнінде бере алмайды. КТП жөндетуге, әйтпесе айырбастауға көмек жасауыңызды сұраймын.

Былтырғы жылы тоғанымыздың суы тартылып қалып, еккен картоп, көкөністеріміз дұрыс өнім бермеді. Тоғанға су шығару үшін Ақтоғай су мекемесінің эксковатор тракторын пайдалануға көмектессеңіз. Елмен келісіп отырмыз. Ауылдағы зираттарды өз қаражатымызбен қоршауға. Соған байланысты бізге арзандау қоршау жасайтын кәсіпорындардың мекен-жәйін біліп берсеңіздер. Қоршау жасайтын кәсіпорындардың мекен-жәйін анықтап, жауабын беру. 

Мүмкіндігін қарастырып шешуге.

 

 

 

 

20.05.2016

Қ.Қошантаев

А.Қапашев

Қ.Жанысбеков

 

Бақылауда ұстауға!

16

М.Қаңтарбаев-Фермерлер малдарын тым болмаса жаз айларында өз жерлеріне апарып бақса. Ауылдағы электр жүйелері мен КТП –лар тозып жетіп тұр, боран  болса жиі сөніп қалады. Мүмкіндігін қарастып шешуге.

 

20.05.2016

Қ.Қошантаев

А.Қапашев

Қ.Жанысбеков

 

Бақылауда ұстауға!

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района