в актогае 21
USD 378.01
EUR 420.88
RUB 5.84
Мобильная версия

Аудан әкімі

Ақтоғай ауданының әкімі – Әбеуова Салтанат Мірәсілқызы

1963 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай селосында тудым. 1989 жылы М.Горький атындағы орта мектепті бітіріп, осы жылы Алматы педагогикалық шет тілдері институтын неміс тілі факультетіне түстім. Еңбек жолымды 1979 жылы Каллинин атындағы сегіз жылдық мектебінде мұғалім болудан бастадым.
1985 жылы неміс және ағылшын пәндерінің мұғалімі мамандығын алып шықтым. 1985 жылдың тамыз айынан 1986 жылдың қыркүйек айына дейін Қызыларай орта мектебінде неміс тілі мұғалімі болып еңбек еттім. 1986 жылдың қыркүйек айынан 1992 жылдың ақпанына дейін №14 кәсіптік-техникалық училищесінде комсомол комитетінің хатшысы, аудандық комсомол комитетінің хатшысы, аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, аудандық кеңес аппаратының аға маманы болып қызмет атқардым.
1992 жылдың ақпан айынан 1997 жылдың желтоқсанына дейін аудан әкімдігінің аға референті, жалпы бөлім меңгерушісі, ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі болып істедім.
1997 жылдың 1 желтоқсанынан бастап аудан әкімінің орынбасары болып қызмет жасадым.
2012 жылдың 23 тамызынан бастап Ақтоғай ауданының әкімі болып, 2013 жылдың 3 шілдесінен бастап Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқардым.
2015 жылы Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» институтын заңгер мамандығы бойынша бітірдім.
2016 жылдың 12 сәуірінен бастап Қарағанды облысының әкімінің №38-к өкімімен Ақтоғай ауданының әкімі болып тағайындалдым.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района