в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

АӨК – нің дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалады іске асыру бойынша және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

      Ауданға  биылғы  2018 жылы етті мал шаруашылығын дамыту салалық бағдарламасының 7 индикативтік көрсеткіштері бойынша биылғы жылға ет экспортының жоспары 116 тонна, яғни мал семірту алаңдарына 1175 бас бұқашықтар өткізу керек, жоспар 2017 жылы ірі қара малдарының аналық басымен селекциялық жұмыс жүргізген шаруашылықтар бойынша есептеліп ауылдық округтерге бөлініп таратылды. Осы бекітілген жоспарды орындауда Бұқар Жырау ауданындағы  «Жаке»  мал семірту алаңына ауылдық округ әкімдері арнайы  барып мал семірту алаңының басшыларымен кездесіп , алдағы уақытта ет экспортын орындауға бірлесіп жұмыс ұйымдастыруға келісіп қайтты. Бүгінгі күнге ауданның  шаруа қожалықтары Бұқар Жырау ауданындағы «Жаке» шаруашылығынан селекциялық жұмыс жүргізуге пайдалануға жалға 34 бас аталық мал  әкелді, Ақмола облысындағы  ЖШС «SC Food» мал семірту алаңынан 61 бас аталық  мал  жалға алынды. Ауданға берілген тапсырма 46 бас болса бүгінгі күнге 95 бас жалға алынды. Және осы шаруашылықтар қосымша етке өткізетін малдарға келісім шартқа отырды.  Бұл жұмыс әрі қарай жалғасуда.

  Ет экспортын орындауға бөлінген 116 тонна етке ауданның шаруашылықтары 1175 бас бұқашықтарды мал семірту алаңдарына өткізу қажет. Бұл жоспарды орындау мақсатында ауылдық округ әкімдері бірінші кезекте селекциялық жұмыс жүргізіп отырған шаруашылықтарға бөлініс жасап жасап жоспарлы етке өткізетін мал басын анықтап мал семірту алаңдарымен бірігіп дұмыс ұйымдастыру уақыты келді.    

  2018 жылдың  12 шілдесіне  ірі қара малдарымен селекциялық жұмыс жүргізіп отырған 156 шаруа қожалықтарында қамтылған аналық басы 10435 бас АТЖ бағдарламасындағы мониторинг бойынша жетпей тұрған асыл тұқымды аталық малдар 107  бас, мерзімі өткен аталық малдар саны 67 бас. Бөлімге 11 шілдеге дейін келіп түскен дерек бойынша ауданның  шаруа қожалықтары басқа өңірлерден  94 бас ауданның асыл тұқымды ірі қара малдарын өсіретін шаруашылықтардан 32 асыл тұқымды аталық малдар сатып алған алайда бұл малдар АТЖ бағдарламасындағы толық көрінбей тұр. Бұған себеп шаруа қожалық жетекшілері әкелген аталық малдарға өздерінің ЭЦҚ (электрондық цифлы қолтанба) кілттерімен  пайдалану белгісін қоймай, немесе әлі карантиндік іс-шараларын аяқтамай  отыр. Бүгінгі күнге шаруа қож шаруашылығының өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау бойынша шаруашылықтар субсидия қаржыларын ала бастады.

     Индикативтік көрсеткіштердің бір бағыты  Ірі қара малдарын асыл тұқымды аналығын импорттау(несиелендіру жолымен) 2018 жылға жоспар 1200 бас бұл бағытта Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау АҚК  қоры арқылы жоспар орындауға ауылдық округтерге бөлініс жасалып бекітіліп таратылды. Ауданның ірі шаруашылықтарымен бұл бағытта жұмыс ұйымдастырылуда.   Фермерлік шаруашылықтардың аналық ірі қара малын сатып алу бойынша биылғы жылға берілген 1200 бас, кәзіргі күнге 2 шаруа қожалығы 60 бас ақ бас тұқымды ұрғашы тайыншалар сатып әкелді және   Ақмола облысындағы  ЖШС «SC Food»-тан тауарлы несие жолымен 3000 бас аналық малды алуға шаруа қожалықтарынан түскен сұраныстар бойынша ЖШС «SC Food»-қа тізімі жіберіліп тамыз айында әкеліп шаруашылықтарға тарату жұмысы басталады.                    

     

    Ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту жоспары аудан бойынша жасалып ауылдық округтерге таратылып күнделікті бақылауда. Бүгінгі күнге 16  дана ауылшаруашылық техникасы жаңартуға байланысты алынды, Аудан бойынша ауылшаруашылық техникаларының техникалық байқаудан өткізуі бекітілген кесте бойынша жүргізілді. Бүгінгі күнге кесте бойынша 10 ауылдық округте 397 ауыл шаруашылық техникалары байқаудан өтті және 298 шаруа қожалық жетекшілеріне науқандық жұмыс кезінде  өрт және техника қаупсіздігі жайында келісім-шарт жасалды   

 

      Жалпы ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы көрсетілетін 12 мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет көрсетіледі, жыл басынан 1 шілдеге берілген есеп   бойынша 919 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде ауылдық округтерден жиналатын «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» қызметі 612,  «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қызметі бойынша 63 , техникалық инспекция саласы арқылы 245, өсімдік шаруашылығы бойынша 2 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

         

          Бөлім басшысы                                          Н.Жанабергенов    

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района