в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

Ортадересін ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының Ортадересін станциясы, Ақорда көшесінің тұрғындарымен өткен жиналысының хаттамасы (10.01.2018)

Ортадересін  ауылдық округі  жергілікті қоғамдастығының Ортадересін станциясы, Ақорда көшесінің тұрғындарымен өткен  жиналысының

ХАТТАМАСЫ

 

Ортадересін  ауылы                               № 1                           10.01.2018ж.

      Ортадересін станциясы                                                                 Сағ:11:00

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, көше тұрғындары

Төрағасы: Толеубеков А.М

Хатшысы: Макаева Р.Е

 

Күн тәртібі:

 

1.  Ортадересін станциясындағы Ақорда көшесін  қайта атау.

 

Сөз сөйлегендер:

Тлеухорұлы Д – ауыл әкімінің м.а: Құрметті жиналысқа қатысушы тұрғындар! Қазіргі таңда, Елбасының тапсырмасына орай елімізде идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды ретке келтіру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, Ортадересін станциясындағы Ақорда көшесін өзгерту бойынша мәселе бүгінгі жиналыстың күн тәртібіне енгізілді.

Толеубеков А. М- жергілікті қоғамдастық төрағасы: Құрметті жиналысқа қатысушылар! Аталған мәселе бүгінгі күні өте өзекті. Сіздердің назарларыңызға станциямыздағы Ақорда көшесін Ынтымақ көшесі деп өзгертуге ұсыныс жасаймыз. Бұл атауды бізге ұсынылып отырған дәстүрлі атаулардың тізімінен таңдап алдық. Сіздердің қолдарыңызға ұсынылып отырған дәстүрлі атаулардың ішінен басқа да атау таңдаймыз деген ойларыңыз болса айта отырыңыздар. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ынтымағы жарасқан ел болуымыз керек делінген. Осыған орай, «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында көше атауын ынтымағы жарасқан ел болайық деген оймен Ынтымақ  көшесін ұсынып отырмыз.

 

    Жоғарыда айтылған ұсыныстарды дауысқа салайық. Дауыс беру қорытындысы бойынша: Қолдағандар - 20; Қарсы болғандар – жоқ; Қалыс қалғандар -жоқ .

 

ШЕШІМІ:

1. Облыстық ономастика комиссиясына Ортадересін станциясының Ақорда көшесін- Ынтымақ көшесі деп қайта атау жөнінде ұсыныс жасалсын.

 

 

 

Төрағасы                                                          Толеубеков А.М

Хатшысы                                                           Макаева Р.Е                        

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района