в актогае 29
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
Мобильная версия

«Қоғамдық бақылау картасы» жобасы бойынша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы іске қосылды. Аталмыш жоба үш түрлі форматта жүзеге асырылатын болады:
Бірінші – қоғамдық бақылау картасы – танымал әлеуметтік желілер, колл-орталықтардың негізінде құрылған. Бұл форматтың артықшылығы азаматтар үшін ыңғайлы болуында. Оларға қандай да бір қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ. Күнделікті қолданыстағы әлеуметтік желілерді пайдаланып немесе қоңырау шалса жеткілікті. Әлеуметтік желілерді қолдану мемлекеттік орган мен халық арасындағы көпір қызметін атқаратын болады. 
Екінші – қоғамдық бақылау картасы – азаматтарға арналған Qamqor мобильді қосымшасы арқылы қамтамасыз етіледі. «Qamqor» қосымшасы арқылы келген хаттар автоматты түрде уәкілетті органға жолданатын болады.   
Үшінші – қоғамдық бақылау картасы – аймақтық арнайы мониторингтік топтардың желісі негізінде жүзеге асырылады. Қарағанды облысында қалалық және аудандық деңгейдегі арнайы мониторингтік топтардың желісі құрылды.
Азаматтармен қарым-қатынас жасаудың жоғарыдағыдай схемасы қоғамдық бақылаумен әрбір қала, аудан және ауыл аймақтарды қамтуға мүмкіндік береді.
Мұндай жұмыс алғаш рет іске қосылып отыр, осыған орай, облыстағы барлық азаматтарды осы мүмкіндікті пайдаланып, жемқорлық фактілері жайлы хабарлап, белсенді азаматтық ұстанымын таныту қажет.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дәлелденген жемқорлық фактілері жайлы хабар берген азамат 30-дан 100 АЕК дейін көтермеленеді.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района