в актогае 0
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
Мобильная версия

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, ауқымды науқан жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып айқындалған. Осы мәселеге Елбасы тарапынан жыл сайын Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында көп көңіл бөлінеді.

Қазір елімізде жемқорлыққа қарсы көптеген заңнамалар талқыланып, қабылдануда, басты құқықтық акті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары болып табылады. Осы бағытта бірқатар бағдарламалық құжаттар жүзеге асырылуда, мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында міндеттерді іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында жемқорлық «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін» құбылыс ретінде бағаланған.

Жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл азаматтың саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – субъектілердің қоғамда жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі.

Жемқорлық көріністеріне төзімсіздік атмосферасын құру және қоғамдағы сыбайластыққа қарсы мәдениетті насихаттау- Стратегияның негізгі бағыттарының бірі.

Бүгінгі күні елімізде жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеудің ұтымды үйлесіміне негізделген жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың институционалдық және құқықтық негіздері құрылған.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және құқықтық мәдениет деңгейін көтеру міндеттерін шешу үшін білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде жемқорлыққа қарсы тәрбие бағдарламалары жүзеге асырылады.

Мысалы, жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың ақпараттық фокусында мектепке дейінгі білім беру мекемелері бар. Тұрақты түрде оқушылар арасында суреттер, мүсіндер, шығармалар байқаулары ауданның барлық өңірлерінде өткізіледі. Ең үздік жұмыстар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғимаратында өткізілетін көрмеге іріктеліп алынады. Мектептегі ортада жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқушылардың тәрбие жұмысының тұжырымдамасы бекітіліп, барлық ауылдардағы мектептерде «Адал ұрпақ» клубы құрылды.

«Адалдық алаңы» сайтының іске қосылуы арқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобалар, білім беру, шығармашылық бағыттар, бейне материалдар және жоспарланған іс шаралар туралы ақпаратты таба алатын білім беру алаңы құрылды. Сайтта «Азаматтық қоғаммен келісім», «Құрмет және этика» сияқты бірегей беттер бар. Мұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің, кәсіпкерлердің, басқа да сала қызметкерлерінің этикалық тәрбиесіне бағытталған.

Сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыруда маңызды рөл жастардың рухани және адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлінеді. Діни және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесулер дәстүрге айналды, бүгінгі күні олар қауіп-қатер туралы ескертіп, пара бермеуге шақыра отырып, жемқорлыққа қарсы тәрбиеге үлкен үлес қосты.

Жылдың басында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың жемқорлыққа нөлдік төзімділігін қалыптастыру мақсатында «Есіктен-есікке» атты республикалық бағдарлама іске қосылды. Акция мәні жемқорлыққа қарсы парақшалар мен коммуналдық төлемдер тураы түбіртектер мен ақпараттық парақтарды тарату болып табылады.

         Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол жай ғана жемқорлыққа төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы.

Яғни, парақорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол белсенді азаматтық позиция.

Стратегияда көзделген шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс.

Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді. Қоғамның қолдауынсыз жүргізіліп жатқан шаралар тек ішінара нәтиже береді. Жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.

Парақорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.

Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.

Азаматтарда жемқорлыққа қарсы берік иммунитет болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек.

 

 

Аудан әкімі                                                       С.Әбеуова

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района