в актогае 29
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
Мобильная версия

(12.02.2019ж) Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Қошқар жалпы орта білім беретін мектеп базасындағы Тірек мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына конкурс жариялайды

Ақтоғай ауданы әкімдігінің «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің  «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы  № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы  № 308 бұйрығы Қарағанды облысы әкімдігінің
2018жылғы "12" маусымдағы № 28/01 қаулысына негізінде Ақтоғай  ауданы,  Қусақ ауылдық округінде орналасқан «Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Қошқар жалпы орта білім беретін мектеп базасындағы Тірек мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымын иеленуге КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

Конкурс өткізу мерзімі: Хабарландыру баспасөз бетінде жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күні өткен соң комиссия белгілейді.

Конкурс өткізу орны: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай  ауылы,  Нарманбет  көшесі, 6 үй

Біліктілік талаптары:      

       1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

      2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;

     3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "шебер-педагог" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);

     4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

       5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның Жарғысына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқару, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастыру, оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының жұмыс жоспарын бекіту, жұртшылықпен және ата –аналармен байланысты жүзеге асыру.

Лауазымдық жалақысы:  Жұмыс өтіліне сай  110716 теңгеден 130670 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

      6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

    8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысанға сәйкес медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

      9) "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14978 болып тіркелді) нысанға сәйкес соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: индекс 100200, Қарағанды

облысы, Ақтоғай ауданы,  Ақтоғай ауылы, Нарманбет көшесі 6 үй, кадр бөлімі .

телефон: 30-477

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района