в актогае -11
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
Мобильная версия

Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға мемлекеттік қызметті көрсету құжат тізімі

Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:

 

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі;

      4) ішкі істер органның мінездемесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

 

Қызметті көрсету мерзімі: құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру:

1)        Ақтоғай селосы, Нарманбет көшесі, 6А мекенжайы бойынша 1 қабатта орналасқан «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ № 3 кабинеті,  дүйсенбі - жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00 – 14.30 дейін.

Жұмыс телефоны: (871037) 30144.

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района