в актогае 0
USD 379.36
EUR 428.94
RUB 5.93
Мобильная версия

«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Жер қатынастары саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін

қызметтер стандарттарын

бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.     Мыналар:

1)                осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2)                осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3)                осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартыбекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініңЖер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

000402

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ҚазақстанРеспубликасы

Премьер-Министрініңорынбасары

ҚазақстанРеспубликасының

Ауыл шаруашылығы министріА. Мырзахметов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі

________________ Д. Абаев

2017 жылғы «___» __________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

________________ Ж. Қасымбек

2017 жылғы «___» __________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

________________ Т. Сүлейменов

2017 жылғы «___» __________

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

2017 жылғы 4 шілдедегі

№ 285 бұйрығына

1-қосымша

«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап  күнтізбелік 15 (он бес) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші - 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді бас тартады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын бере отырып, жазбаша келісу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік

қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі- жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат  9.00-ден 18:30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жер учаскесінің орналасқан орны бойынша көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттікті растайтын құжат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

3) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы.

Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, не жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды  тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды алғанын құжаттарды қабылдау күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу мерзімі мен орны көрсетілген талон растайды.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген

үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не орталық мемлекеттік орган басшысының атына жұмыс күндері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почтамен, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе орталық мемлекеттік органның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почталық мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса) көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса), шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, орталық мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен, портал арқылы жіберіледі  не  көрсетілетін  қызметті  берушінің  немесе  орталық  мемлекеттік

органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.mgov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімі, «Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары» – «Жергілікті атқарушы органдар» кіші бөлімінде орналастырылған.

15. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік

    көрсетілетін қызмет стандартына

               қосымша

Нысан

Кімге:___________________________ басшысына

(мемлекеттік органның атауы)

                                                       Кімнен: _____________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған

                                                                ________________________________________________

жағдайда) не заңды тұлғаның толық атауы)

Жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес    сәйкестендіру нөмірі

                                                                ______________________________________________

____________________________________________

(жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің жеке

________________________________________________

басын куәландыратын құжаттың деректемелері,

байланыс телефоны (бар болса), тұрғылықты

 _______________________________________________

мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тіркелген

мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісуге

өтініш

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеуші - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның толық атауы

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу туралы өтініш білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы-ның атауы

Жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты және алаңы, гектар

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы даналарының саны

Жергілікті атқарушы органның шешімі, нөмірі және күні

1

2

3

4

5

6

7

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда (қажеттісінің астын сызу) дайындалды.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Күні 20__ жылғы «___» _____ Өтініш беруші_____________________________

(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның

_________________________________________

уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________

(бар болған жағдайда), қолы)

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

2017 жылғы 4 шілдедегі

№ 285 бұйрығына

2-қосымша

«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап  күнтізбелік 15 (он бес) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші - 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді бас тартады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының   10 – тармағында   көзделген   негіздер  бойынша   мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі- жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат  9.00-ден 18:30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жер учаскесінің орналасқан орны бойынша көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттікті растайтын құжат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының  көшірмесі.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.

Көрсетілетін қызметтерді алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды  тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды алғанын құжаттарды қабылдау күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу мерзімі мен орны көрсетілген талон растайды.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1)  көрсетілетін  қызметті  алушы  мемлекеттік  көрсетілетін қызметті алу

үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не орталық мемлекеттік орган басшысының атына жұмыс күндері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почтамен, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе орталық мемлекеттік органның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почталық мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса) көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса), шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, орталық мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен, портал арқылы жіберіледі некөрсетілетін қызметті берушінің немесе орталық мемлекеттік

органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.mgov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімі, «Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары» – «Жергілікті атқарушы органдар» кіші бөлімінде орналастырылған.

15. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік

    көрсетілетін қызмет стандартына

                қосымша

Нысан

Кімге:___________________________ басшысына

(мемлекеттік органның атауы)

                                                       Кімнен: _____________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған

                                                                ________________________________________________

жағдайда) не заңды тұлғаның толық атауы)

                                                                ________________________________________________

Жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес    сәйкестендіру нөмірі

                                                                ______________________________________________

______________________________________________

(жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің жеке

________________________________________________

басын куәландыратын құжаттың деректемелері,

________________________________________________

байланыс телефоны (бар болса), тұрғылықты

________________________________________________

мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тіркелген

________________________________________________

мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))

Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға

өтініш

Сізден_________________________________________________________________________________________________________________________________________ орналасқан,

               (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері) )                                                алаңы_______ гектар, _____________________________________________________негізінде ________________________,_________________________________________________     үшін

(құқық түрін көрсету)                                (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

 берілген жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындапберуіңізді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Көрсетілетін қызметті алушы____________________________________________

(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның

________________________________________________________________________________

уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

«___» _________ 20__ жылы

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района