в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және дәрілік заттардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және            

әлеуметтік даму министрінің

     2015 жылғы  «     »       

№           бұйрығымен

бекітілген

 

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және дәрілік заттардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және дәрілік заттардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті» (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесі немесе www.elіcense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15  минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.   

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қағаз немесе электрондық түрде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу құжатнамасына өзгерістер енгізу туралы тіркеу куәлігі (бұдан әрі – тіркеу куәлігі) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген  жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

          Көрсетілетін қызметті алушы тіркеу куәлігін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, тіркеу куәлігі басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.

         Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

          7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілгені үшін көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен республикалық бюджетке мынадай мөлшерлемелер көлемінде тіркеу алымын төлейді:

          1) мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеу күні қолданыста болған   11 айлық есептік көрсеткіш;

          2) мемлекеттік қайта тіркеу үшін алымды төлеу күні қолданыста болған  5 айлық есептік көрсеткіш.

          Тіркеу құжатын алуға арналған электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. Алдын ала төлем жасалған жағдайда құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі. 

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;

2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаның   4, 5-нысандарына сәйкес өтініш;

2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

          Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын (жеке тұлға үшін), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық деректер нысанында алады;

          3) мемлекеттік сараптау ұйымы берген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы туралы қорытынды (бұдан әрі – мемлекеттік сараптау ұйымының қорытындысы).

          Порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

          Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын (жеке тұлға үшін), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық деректер нысанында алады;

2) тіркеу алымы сомасының (ЭТҮШ арқылы төлемді қоспағанда) төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;

3) мемлекеттік сараптау ұйымы қорытындысының электрондық көшірмесі.

          Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

          көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошталық байланыс арқылы) берген кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттарды қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

          портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Портал арқылы жүгінген жағдайда, электрондық сұрау салуды жіберу көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

         10. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте сараптау кезінде сапасының, қауіпсіздігі мен тиімділігінің өтінім берген көрсеткіштеріне сәйкессіздігінің анықталуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.  

 

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет), көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану. Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Комитет басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің не Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні, берілген шағымға жауап алу орны мен мерзімі көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап        5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында жаңартылып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда ала алады.

15. Көрсетілетін қызметті алушы порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде ала алады.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс деректері: 8 (7172) 74 37 73 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

«Дәрілік заттарды, медициналық     
мақсаттағы бұйымдар мен         
медициналық техниканы мемлекеттік   
тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу

құжатнамасына өзгерістер енгізу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына     
қосымша


1-нысан

 

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы                                                           Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

 

ҚР-ДЗ-№
тіркеу куәлігі

 

      Осы тіркеу куәлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес:

1.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы

 

2.

Тіркеу куәлігі иесінің елі

 

дәрілік заттардың тіркелгені және Қазақстан Республикасының аумағында медициналық практикада қолдануға рұқсат етілгені туралы берілді.

Тіркелген дәрілік зат туралы ақпарат

3.

Препараттың саудалық атауы

 

4.

Отандық өндірушілер үшін экспортқа арналған саудалық атауы

 

5.

Халықаралық патенттелмеген атауы (бар болған кезде)

 

6.

Дәрілік нысан

 

7.

Дозасы

 

8.

Өлшеп-оралуы

 

9.

АТХ коды

 

10.

Белсенді заттардың құрамы

 

11.

Сақтау мерзімі

 

12.

Босату тәртібі (рецептімен, рецептісіз)

 

Дәрілік затты өндіруші туралы ақпарат

Ұйым түрі немесе өндіріс учаскесі

Ұйымның атауы

Елі

1.

Өндіруші

 

 

2.

Қаптамашы

 

 

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні 20___ жылғы «____» _____________

 

20___ жылғы «____» ______________ дейін жарамды.

 

Өзгеріс енгізу күні 20___жылғы «____» _______________
 



Мемлекеттік орган басшысының __________________________________
(немесе уәкілетті тұлға) Т.А.Ә.

 

«Дәрілік заттарды, медициналық     
мақсаттағы бұйымдар мен         
медициналық техниканы мемлекеттік    
тіркеу, қайта тіркеу және олардың   
тіркеу құжатнамасына өзгерістер енгізу»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына қосымша

 

2-нысан

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы                                                          Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

 

ҚР-ММБ/МТ- №
тіркеу куәлігі

 

      Осы тіркеу куәлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес:

1.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы

 

2.

Тіркеу куәлігі иесінің елі

 

____________________________________________________________________________________________________________________________________        (медициналық мақсаттағы бұйымның немесе медициналық техниканың атауы)
__________________________________________________________________
       (қолданудағы әлеуетті тәуекелге байланысты қауіпсіздік класы) тіркелгені және Қазақстан Республикасы аумағында медициналық практикада қолдануға рұқсат етілгені туралы берілді.
     Медициналық мақсаттағы бұйымның/ медициналық техниканың шығыс материалдарының және жиынтықтаушы бөлшектерінің тізбесі 3-нысанға сәйкес осы тіркеу куәлігінің қосымшасында (парақтар санын көрсету)
      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні 20___ жылғы «____» ______
      20___ жылғы «____» ______ дейін жарамды
      Өзгеріс енгізу күні 20___ жылғы «____» ______
      Мемлекеттік орган басшысының
      (немесе уәкілетті тұлғаның) Т.А.Ә._____________________________
__________________________________________________________________

      Ескертпе: медициналық мақсаттағы бұйымға тіркеу куәлігі берілген жағдайда, ҚР-ММБ- № көрсетіледі.
      Медициналық техникаға тіркеу куәлігі берілген жағдайда, ҚР-МТ- № көрсетіледі.

 

«Дәрілік заттарды, медициналық     
мақсаттағы бұйымдар мен         
медициналық техниканы мемлекеттік    
тіркеу, қайта тіркеу және олардың   
тіркеу құжатнамасына өзгерістер енгізу»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына қосымша  
 

3-нысан

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
___________________________________________________
ҚР-ММБ/МТ-___ №______
тіркеу куәлігіне қосымша

 

     Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың шығыс материалдарының және жиынтықтаушы бөлшектерінің тізбесі

Р/с №

Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың шығыс материалдарының және жиынтықтаушы бөлшектерінің атауы

Моделі

Өндіруші (дайындаушы)

Елі

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

      Мемлекеттік орган басшысының
      (немесе уәкілетті тұлғаның) Т.А.Ә._____________________________
__________________________________________________________________
      20___ жылғы «____» ______

 

 

«Дәрілік заттарды, медициналық     
мақсаттағы бұйымдар мен         
медициналық техниканы мемлекеттік    
тіркеу, қайта тіркеу және олардың   
тіркеу құжатнамасына өзгерістер енгізу»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына қосымша   
 

4-нысан

 

Қазақстан Республикасында дәрілік затты мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге немесе олардың тіркеу құжатнамасына өзгерістер енгізуге өтініш

 

1.

Тіркеу түрі

Саудалық атауы

Тіркеу
Қайта тіркеу
Өзгерістер енгізу

2.

Өтініш нөмірі

(көрсетілетін қызметті беруші белгілейді)

 

3.

Өтініш берілген күн

 

4.

Сараптамаға арналған өтініштің нөмірі

 

5.

Сараптамаға өтініш берілген күн

 

6.

Өтініш беруші туралы мәліметтер

1)

Өтініш берушінің түрі

Әзірлеуші
Өндіруші (дайындаушы)
Сенімді тұлға

2)

Орналасқан мекенжайы

 

3)

Телефон

 

4)

Факс

 

5)

Email

 

6)

Сенімхат күні (сенімхаттың көшірмесі). Өтінішті портал арқылы тіркеген кезде электрондық нұсқасы)

 

7)

Сенімхат нөмірі

 

6.1. Дара кәсіпкер

6.2. Заңды тұлға

1

Қазақ тіліндегі атауы

 

1

Қазақ тіліндегі атауы

 

2

Орыс тіліндегі атауы

 

2

Орыс тіліндегі атауы

 

3

Ағылшын тіліндегі атауы

 

3

Ағылшын тіліндегі атауы

 

4

Тегі

 

4

БСН-і

 

5

Аты

 

5

Басшының тегі

 

6

Әкесінің аты

 

6

Басшының аты

 

7

ЖСН-і

 

7

Басшының әкесінің аты

 

8

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі

 

8

Заңды мекенжайы

 

9

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

 

9

Ұйымдық-құқықтық нысаны

 

10

Жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, құжатты берген орган

 

 

 

11

Жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі

 

 

 

12

Азаматтығы (резиденттік ел)

 

 

 

7.

Төлемдер туралы мәліметтер

1

Төлем құжаттарының нөмірлері (төлем құжатының көшірмесі, өтінішті портал арқылы тіркеген кезде электрондық нұсқасы)

 

2

Төлем құжаттарының күндері

 

3

Ең төменгі есептік көрсеткіштердің саны

 

4

Төлемдердің теңгедегі мөлшері

 

5

Салық органы

 

 

 

     Тіркеу куәлігінің иесі (сенімхат бойынша сенімді тұлға):_____________________________________________________________
      Мемлекеттік тіркеу жағдайында мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылған үлгілерге толық сәйкес келетін дәрілік заттарды жеткізуге міндеттенемін және өндіруші ұйымның талаптарына сәйкес тасымалдау мен сақтау шарттарын сақтай отырып, жарамдылық кезеңі ішінде дәрілік заттардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапа көрсеткіштері бойынша нормативтік-техникалық құжаттама талаптарының сәйкестігіне кепілдік беремін.

      Тіркеу құжатнамаларындағы кез-келген өзгерістер және дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта бұрын көрсетілмеген кез-келген анықталған жанама әсерлер туралы хабарлауға және мемлекеттік тіркеуден кейін екі жыл бойы 6 айда бір рет, одан кейін келесі үш жыл ішінде жыл сайын және кейіннен қайта тіркеу кезінде бес жылда кемінде бір рет қауіпсіздік және тиімділік туралы есеп беруге міндеттенемін.

 Ескертпе: өтініш берушінің ЭЛ МДҚ-ғы жұмыс кабинеті арқылы өтініш берілген кезде, өтінішке өтініш берушінің ЭЦҚ-сы қойылуы тиіс.  

  Өтініш берушінің жауапты адамының Т.А.Ә. және лауазымы

 

 

«Дәрілік заттарды, медициналық     
мақсаттағы бұйымдар мен         
медициналық техниканы мемлекеттік    
тіркеу, қайта тіркеу және олардың   
тіркеу құжатнамасына өзгерістер енгізу»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына қосымша   
 

5-нысан

 

Қазақстан Республикасында медициналық мақсаттағы бұйымды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге немесе олардың тіркеу құжатнамасына өзгерістер енгізуге өтініш

 

1.

Тіркеу түрі

Саудалық атауы

Тіркеу
Қайта тіркеу
Өзгерістер енгізу

2.

Өтініш нөмірі

(көрсетілетін қызметті беруші белгілейді)

 

3.

Өтініш берілген күн

 

4.

Сараптамаға арналған өтініштің нөмірі

 

5.

Сараптамаға өтініш берілген күн

 

6.

Өтініш беруші туралы мәліметтер

1)

Өтініш берушінің түрі

Әзірлеуші
Өндіруші (дайындаушы)
Сенімді тұлға

2)

Орналасқан мекенжайы

 

3)

Телефон

 

4)

Факс

 

5)

Email

 

6)

Сенімхат күні (сенімхаттың көшірмесі. Өтінішті портал арқылы тіркеген кезде электрондық нұсқасы)

 

7)

Сенімхат нөмірі

 

6.1. Дара кәсіпкер

6.2. Заңды тұлға

1

Қазақ тіліндегі атауы

 

1

Қазақ тіліндегі атауы

 

2

Орыс тіліндегі атауы

 

2

Орыс тіліндегі атауы

 

3

Ағылшын тіліндегі атауы

 

3

Ағылшын тіліндегі атауы

 

4

Тегі

 

4

БСН-і

 

5

Аты

 

5

Басшының тегі

 

6

Әкесінің аты

 

6

Басшының аты

 

7

ЖСН-і

 

7

Басшының әкесінің аты

 

8

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі

 

8

Заңды мекенжайы

 

9

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

 

9

Ұйымдық-құқықтық нысаны

 

10

Жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні

 

 

 

11

Жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі

 

 

 

12

Азаматтығы (резиденттік ел)

 

 

 

7.

Төлемдер туралы мәліметтер

1

Төлем құжаттарының нөмірлері (төлем құжатының көшірмесі, өтінішті портал арқылы тіркеген кезде электрондық нұсқасы)

 

2

Төлем құжаттарының күндері

 

3

Ең төменгі есептік көрсеткіштердің саны

 

4

Төлемдердің теңгедегі мөлшері

 

5

Салық органы

 

     

Тіркеу куәлігінің иесі (сенімхат бойынша сенімді тұлға):__________________________________________________________
     Қазақстан Республикасына тіркеу құжатнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жеткізуді жүзеге асыруға және аудармасының дұрыстығы мен теңтүпнұсқалығын сақтай отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сүйемелдеуге міндеттенемін.

Өндіруші зауыттың талаптарына сәйкес тасымалдау және сақтау шарттарын сақтау кезінде пайдаланудың барлық мерзімі ішінде қауіпсіздік пен сапаны сақтауға кепілдік беремін.

Тіркеу құжатнамасындағы барлық өзгерістер туралы хабарлауға, сондай-ақ өтінішті және медициналық мақсаттағы бұйымдарды медициналық қолдану бойынша нұсқаулықта бұдан бұрын көрсетілмеген медициналық мақсаттағы бұйымдарды қолдану кезінде жанама әсерлер туындаған кезде материалдарды ұсынуға міндеттенемін.

 Ескертпе: өтініш берушінің ЭЛ МДҚ-ғы жұмыс кабинеті арқылы өтініш берілген кезде, өтінішке өтініш берушінің ЭЦҚ-сы қойылуы тиіс.   

Өтініш берушінің жауапты адамының Т.А.Ә. және лауазымы

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района