в актогае 9
USD 379.29
EUR 426.40
RUB 5.93
Мобильная версия

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регла

 


"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

 

            Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 27/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 маусымда № 3298 болып тіркелді

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына,        Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10805 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
            1.Қоса берілген "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
            2.Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 11/05 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2591 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 77-78 (21712) "Орталық Қазақстан", 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 70-71 (21591-21592) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 25 сәуірінде жарияланған), 2014 жылғы 4 қарашадағы № 59/08 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 11/05 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2830 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 желтоқсанда № 235-236 (21870) "Орталық Қазақстан", 2014 жылғы 6 желтоқсанда № 215 (21736) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 10 желтоқсанында жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
            3.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
            4.Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков


 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 27/04 қаулысымен бекітілді

 

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

   1. Жалпы ережелер

      1.   "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлеттi органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      3.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары болып табылады.
      4.Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
 

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      5.   Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің басталу негізі болып осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштің болуы және құжаттарды ұсыну табылады:
      1)көтерме жәремақыны алу кезінде:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
      тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
      2)көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
      сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі; көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
      тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
      неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
      аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
      3)көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
     

 

                бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
      тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
      неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
      аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
      маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
       кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
      кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
      берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.
      Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні қайтарылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдауды растау тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы, телефоны, өтініш берген күні көрсетілген және өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы қойылған қолхат ұсынылады.
      6.Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініштер мен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, оның түпнұсқалары мен көшірмелерін салыстырады және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді – 30 минуттан аспайды;
      2)көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, қаржылай қаражатының қажеттілігін есептейді және тұрақты жұмыс істейтін комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) құжаттарды қабылдаған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде жібереді;
      3)Комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және күнтізбелік он күн ішінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсетілетін қызметті алушыға ұсыну туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне ұсыныс жасайды;
      4)аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі Комиссияның ұсынымдары түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсетілетін қызметті алушыға ұсыну туралы қаулыны қабылдайды;
      5)көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті алушы және сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) қаулы қабылданғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы Келісім (бұдан әрі – Келісім) жасайды.
      6)көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке есеп шотына күнтізбелік жеті күн ішінде көтерме жәрдемақы сомасын аударады;
      7)сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте отыз жұмыс күні ішінде тұрғын үйді сатып алуға немесе салуға кредитті көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдер (іс-әрекеттер) нәтижесі, мынадай рәсімнің (іс-әрекеттің) орындалуының басталуы үшін негіз болады:
      1)өтініштер мен құжаттарды қабылдау, тіркеу, қолхат беру, өтініштер мен құжаттарды басшылыққа (кеңсе) тапсыру;
      2) ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру, қаржылай қаражаты қажеттілігін есептеу, өтініштер мен құжаттарды Комиссияға (жауапты орындаушы) тапсыру;
      3)Комиссияның өтініштер мен құжаттарды қарауы;
      4)Комиссия ұсынысы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулыны қабылдау (аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі));
      5)мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (қызмет беруші) беру.
 

  

           

 

            3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      8.   Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1)кеңсе қызметкері;
      2)көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3)көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) тұрақты жұмыс істейтін комиссия;
      5)аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі;
      6) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент).
      9.Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметшілердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1)өтініштер мен құжаттарды қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті алушының құжат көшірмелері мен түпнұсқаларын салыстыру, қолхат беру (кеңсе қызметкері) – отыз минуттан аспайды;
      2)ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру, қаржылай қаражатының қажеттілігін есептеу (жауапты орындаушы) – құжаттарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде;
      3)ұсынылған құжаттарды қарау және күнтізбелік он күн ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) (Комиссия) әкімдігіне ұсыныс беру;
      4)аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі күнтізбелік он күн ішінде қаулыны қабылдау;
      5)күнтізбелік жеті күн ішінде Келісім жасау (көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті алушы және сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент));
      6)көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті беруші) жеке есеп шотына көтерме жәрдемақы сомасын аудару – күнтізбелік жеті күн ішінде;
      7)тұрғын үйді сатып алуға немесе салуға кредит беру (сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)) – отыз жұмыс күні ішінде.
      Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
 

   4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      10.   Мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылмаған және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.
 

 

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және
тұруға келген денсаулық cақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

 

            ____________________________ облысы
 

            _________________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi
___________________________________
тегi, аты-жөнi
___________________________________
Мекенжайы бойынша тұратын өтiнiш
берушiнiң
___________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты
___________________________________
жұмыс орны, лауазымы 

            Нысан 

Өтініш

      Сiзден Келiсiмнiң (қоса берiледі) мөлшерiнде және шарттарында маған көтерме жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға (қажеттісін сызу) бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.
      ____ ____________
      күнi қолы
Құжаттар қабылданды:
20__ жылғы "___" _______
________ ____________________________________________________
қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
____________________________________________________________________
(кесу сызығы)
      Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.
      Азамат ____________ өтiнiшi қоса берiлген саны ________ дана құжаттармен бiрге 20__жылғы "__"_________________ қабылданды.
      ________ ___________________________________________________
қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
 

 

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс

істеуге және тұруға келген денсаулық
сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

            Нысан
 

   Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім

      Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы "__"__________
      Бұдан әрі "Әкiмшi" деп аталатын "__________________" мемлекеттiк мекемесi атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi "Алушы" деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы _________________________, басқа тараптан және бұдан әрi "Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)" деп аталатын ____________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:
 

   1. Келiсiмнiң мәні

      Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мәжбүр етiлмей тараптар толық көлемде орындауы тиiс мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:
      1. Әкiмшi, ________________________________ мәслихатының (20 ___ жылғы "__"_______ №_____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай түрдегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды:
      1) _____________________________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;
      2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит.
      2.Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ___________ ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде үш жыл қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды.
      3.Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.
 

   3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi

      1.   Әкiмшi: 
     

 

                1)алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.
      2.Әкімші:
      1)аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде және осы Келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.
      3.Алушының:
      1)комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;
      2)үш жыл мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа ауылдық елдi мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.
      4.Алушы:
      1)әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;
      2)меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы Келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;
      3)жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;
      4)жыл сайын "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан жұмыс органына мекенжай анықтамасын ұсынуға;
      5)осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      5.Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):
      1)алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;
      2)алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.
      6.Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):
      1)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;
      2)кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған маман мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;
      3)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алушылардан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
 

 3. Дауларды шешу

      1)   Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
      2)Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.
 

 4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi

      1)   Осы Келiсiм тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi.
      Келiсiм 20___ жылғы "__"____________ бастап қолданылады.
      2)Келiсiм бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.
 

   5. Тараптардың заңды мекенжайлары

      Әкiмшi            Алушы        Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)
      ______            _____        _______________________
      ______            _____        _______________________
      ______            _____        _______________________

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн

келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет регламентіне
3-қосымша

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района