в актогае 0
USD 379.19
EUR 426.63
RUB 5.92
Мобильная версия

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалысы және алда тұрған міндеттері

Шағын және орта бизнесті қолдауда 2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020» деген арнайы бағдарлама қабылданды. Бағдарламаға аудан бойынша алты жоба енгізілген, жұмыс істеуде. (Тасарал ауылындағы бөдене шаруашылығы, Ақтоғай ауылындағы қонақ үй, кеңпішімді басып шығару және қоян өсіруді кеңейту, Жидебай ауылдық округінен картоп өсіру және мал бордақылау алаңы). Осы жобалар бойынша 17 жаңа жұмыс орындары ашылды.

    Осы бағдарлама шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру  конкурсына қатысуға 2016 жылы екі жоба (Сарытерек ауылдық округінен екі жылыжай) және 2017 жылы 3 жоба (Ақтоғай ауылынан массаж креслолары бар жаттығу залын ашу және аяқ киім жөндеу қызметі, Жидебай ауылдық округінен қаптамалы кірпіш өндіру ) ұсынылды.

   Алайда, жобалар мемлекеттік грантқа үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілердің өтінімдерін іріктеу бойынша Конкурстық комиссия отырысында түрлі себептермен қолдау таппады.

        Ағымдағы жылы  «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру  конкурсына қатысуға  1 жоба ұсынылды. Ұсынылған жоба бойынша  Конкурстық комиссия отырысы  алдағы уақытта   өткізілетін болады. 

Жоғарыдағы бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы Тораңғалық ауылдық округінен «ДосStar» демалу кешенінің 3-ші тұрғын үй  құрылысының жобасы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартына енгізіліп,  өңірлік Үйлестіру кеңесінен қолдау тауып, бүгінгі күнге банкімен («Нұрбанк» АҚ Қарағанды қ. филиалы) келісім-шарт жасалған. Демалу кешенінің іргетасы (фундамент) құйылған.

                Жобаның мақсаты мен идеясы: туристік қызметтер көрсету, демалуға қолайлы жағдай жасау.

Негізгі қызмет түрі: демалыс күндерінде қысқа мерзімді тұру және өзге кезеңдерінде тұрғын үй беру.

Жалпы құны: 21млн. 151 мың. теңге, осының ішінде, 13млн. 651 мың. теңге өз қаражаты, 7 млн. 500 мың. теңге несие қаражаты.

Пайыздық мөлшерлеме:  15% жылдық, оның ішінде 10% мемлекет, 5% жеке кәсіпкер төлейді.

 Іске асыру кезеңі: маусым 2018 жыл.

 Жобаның куаттылығына шығуы: 2019 жыл.

Ашылатын жұмыс орыны: 2 адам.

Алдағы уақытта да аудандағы кәсіпкерлік ісіне жан-жақты жағдайлар жасай отырып, оны одан әрі дамыту жалғаса бермек. 

                           Алда тұрған міндеттер

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметтерін қолдау бойынша Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының Ақтоғай ауданы филиалы және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығымен бірлесе отырып, мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыру жұмыстарын жандандыру;

- «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерді қатыстыру;

- шағын және орта кәсіпкерлік саласына сырттан инвесторлар тартуға үнемі жұмыстар жүргізу. 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района