в актогае -7
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
Мобильная версия

Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және            

әлеуметтік даму министрінің

     2015 жылғы  «     »       

№           бұйрығымен

бекітілген

«Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) түпнұсқа дәрілік заттың атауын бекіту (бекітпеу) туралы шешімін беру үшін талап етілетін уақыт құжаттардың өткізу күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды;

2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – отыз минут;

3) құжаттарды алу кезінде күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – отыз минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.    

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрдегі түпнұсқа дәрілік заттың атауын бекіту (бекітпеу) туралы шешімін беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) түпнұсқа дәрілік заттың атауын бекіту үшін өтінім;

2) ұсынылған атау негіздемесімен түсіндірме жазбаны, тіркелген тауар белгісінің өтініш берілген белгімен ұқсастықтың болуы немесе болмауы туралы Мемлекеттік тізілімнен ақпаратты немесе зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік орган бекіткен тауар белгісіне куәліктің көшірмесін береді.

Көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошталық байланыс арқылы) берген кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттарды қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

Шағым Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.  

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс деректері: 8 (7172) 74-31-16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Бірегей дәрілік заттардың атауларын бекіту (бекітпеу) туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына                                                   1-қосымша

Түпнұсқа дәрілік заттың атауын бекітуге

ӨТІНІМ

Өтінім беруші:

1) жеке тұлғалар үшін:

Т.А.Ә. _____________________________________________________________________________________________

Тұрғылықты жерінің мекенжайы _______________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________

                                                                Телефон, факс, E-mail

___________________________________________________________________________________________________

2) заңды тұлғалар үшін

Атауы

___________________________________________________________________________________________________

Басшы

___________________________________________________________________________________________________

Заңды мекенжайы

___________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________

Орналасқан мекенжайы

Ұсынылған атауы:

___________________________________________________________________________________________________

Химиялық атауы немесе сипаттамасы (стереохимиялық ақпаратты қоса):

___________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________

Графикалық формуласы:

Молекулалық формуласы:

___________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________

Фармакологиялық әсері: ______________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________

Қолдану тәсілі мен дозалары: __________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________

Қосымша ақпараттар: _______________________________________________

___________________________________________________________________________________________________

Толтырылған күні

20 __ ж. « ____»_________                    _______________

                                                                                           қолы

М.О.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района